Премьер-министр Олжас Бектенов Астанаға жұмыс сапары барысында үшінші жылу электр станциясын аралап, энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді. Биыл стансаның бірінші кезеңі толық аяқталып, екінші кезеңін іске асыру жоспарланған. Қазір бұл станция қаланың энергия тұтастай энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Сағатына 440 Гигакалория жылу өндіреді. Екінші кезең аясында қуаты 500 МВт бу-газ қондырғысын салу көзделген. Үкімет басшысы жауаптыларға үшінші жылу электр станциясыны жобасын аяқтау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Ал, қызметкерлер жаңа конституция жобасын қолдап, пікір білдірді.