Шағын шаһарда шешімін күткен мәселелер бар

9
13.02.2026

Апта басында Кентау қаласында толассыз нөсер жауып, шаһар орталығындағы бірнеше көшені су басқан болатын. Соның салдарынан тұрғындар мен көлік қозғалысы қиындады. Оған әлеуметтік желідегі видеолар дәлел. Ал, қала әкімі Жандос Тасовтың айтуынша жауын суының арық арқылы еркін ақпауына кәсіпкерлердің де кінәсі бар екен. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше бірнеше  кәсіпкерлік нысаннан шыққан қораптар мен қоқыстар арық-атыздағы судың емін-еркін ағуына кедергі болыпты.