Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі екі шетел азаматына іздеу жариялады. Олар — 1970 жылы туған АҚШ азаматы Дмитрий Дружинский және 1985 жылы дүниеге келген Украина азаматы Марина Левкович. Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер Қазақстан аумағында заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметі шетелден басқарылғаны, ал түскен қаражаттың криптовалютаға айналдырылғаны анықталған. Агенттік іздеуде жүрген тұлғалардың жүрген жері мен мекен-жайы туралы мәліметті білетін бар азаматтарды хабар беруге шақырады.