Кореяда 15 мыңнан астам қазақстандық еңбек етіп жүр. Алайда заңсыз жүрген қазақтар ақпан айының соңына дейін, ерікті түрде елден шыға алады. Кешіккендер айыппұл арқалайды, тіпті Кореяға қайта кіру мүмкіндігінен айырылады. Ескертейік бұл бағдарлама өз еркімен елден кетуге дайын азаматтарға арналған. Қылмыс жасағандарға, мәжбүрлеп шығарылатындарға және 2025 жылдың 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге өткендерге қолданылмайды. Министрлік қазақстандықтарды шетелде тек заңды жолмен жұмыс істеуге және ресми еңбек ресурстарына ғана жүгінуге шақырды.