Шымкентте «Зерделі ұрпақ» интеллектуалды сайысы өтті

12
24.12.2025

Келешек мектептері оқушыларының  сауаттылығын, логикалық ойлау дағдыларын бағалау және олардың зияткерлік, қабілеттерінің деңгейін анықтау мақсатында Шымкентте «Зерделі ұрпақ» интеллектуалды сайысы өтті. Оған білім ұяларының 5 сыныбында оқитын оқушылар қатысты. «Зерделі ұрпақ» интеллектуалды сайысы — теорияларды жаттаудан гөрі, оны талдап, қолдана білуге машықтандыратын алаң.  Мұнда  оқушы сұраққа дұрыс жауап беруден бөлек, сыни ойлау қабілетін арттырып, бәсекелестік қызығушылығын қалыптастырады. Білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған дода төрт деңгей бойынша ұйымдастырылған. Алғашқы кезеңде 3, 4, 5-сынып оқушылары сынға түссе, келесі сатыларда пән мұғалімдері, мектеп директорлары және орынбасарлары білім жарыстырмақ. Бұл жолғы ойында 12 мектептің шәкірттері зеректігін танытты.