Шымкентте заңсыз онлайн-ойын ұйымдыстарған топ қолға түсті. Қаржы мониторингі агенттігі «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube-та «Тринька» құмар ойындарын өткізген күдіктілердің әрекетін тоқтатты. Екі жыл бойы жұмыс істеген топ қылмыстық жолмен алынған қаржыны заңдастыру үшін банктік карталарды рәсімдеген «дроптарды» пайдаланып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.