Түркістанда «МузАРТ» музыкалық драмасының премьерасы өтті. Қойылым қазақ музыка өнерінің бір дәуірін айшықтап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген топтың қалыптасу жолын, шығармашылық ізденісі мен сынаққа толы кезеңдерін сахна тілінде баяндайды. Жаңа туындыны көпшілік назарына Түркістан музыкалық-драма театры ұсынды. Қойылымның ерекшелігі неде? Премьерадан әріптесім Бекболат Тілеуберген тарқатсын.