2 айдан бері көлік жүргізушілерін әбігерге салған газ мәселесі көп ұзамай шешілмек. Аймақтағы салаға жауаптылар осылай уәде берді. Бұған дейін газ жетіспеушілігі сұйытылған отынды қолдану айлық нормадан асып түскеннен болған екен. Сондай-ақ, оған ауылшаруашылығына қажет көліктердің отынды көп тұтынуы сеп болған.