Римде өткен саммитте "үлкен жиырмалық" қандай шешім шығарды?

208
02.11.2021 12:06

Италия астанасында бас қосқан «үлкен жиырмалық» климаттың өзгеруімен күрес бойынша айтарлықтай нәтижеге жете алмады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осыған қынжылды. Себебі «үлкен жиырмалық» Бірлескен мәлімдемеде ғаламдық жылынуды 1,5 градус деңгейінде ұстауға күш салатынын жариялағанымен ауаға көмірқышқыл газын шығаруды тоқтатуға байланысты нақты шаралар қабылдамаған.