Той кортежіндегі көлік жолаушысы аспанға оқ атты. Оқиға Алматы облысының Қаскелең қаласында болған. Тойда серуендеп жүргендер бірнеше рет жол ережесін бұзған. Ал «Mercedes» маркалы автокөліктің ішінде болған қонақтардың бірі терезеден шығып, аспанға бірнеше рет оқ атқан. Тәртіп сақшылары бұзақыларды анықтап, Қылмыстық және әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғады. Көліктері айып тұрағына қойылды. Ал 25 жастағы азамат өз кінәсін мойындап, тұрғындарды үрейліндіргені үшін халықтан кешірім сұрады.
️