Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүруде

223
25.10.2021 05:41

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісі қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта Ел президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылған еді. Мемлекет басшысының Жарлығы аса құпия құжаттарды жарыққа шығаруға жол ашты. Тиісінше, жүздеген жазықсыз жер аударылған бай-манап, шаруалардың өмірбаяны қайта жазылуда. Түркістан облысына арнайы келген мемлекеттік комиссия мүшелері архив құжаттарын іздестіру, реттестіру бойынша өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар алдағы уақытта мұрағат құжаттарын электронды базаға енгізу мәселесі талқыланды. Және де жауапты жұмысты жеделдету үшін өлкетанушыларды, еріктілерді де жұмысшы топтың қатарына қосу жайы сөз болды.