Түркістан
EN

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі облыстың медициналық жағдайына жақсы баға берді

317
25.10.2021 10:29

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Түркістан медицинасына жоғары баға берді. Арнайы іс-сапармен келген доктор Кэролайн Кларинваль медицина қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. Эпидемиологиялық жағдаймен танысып қана қоймай, тұрғындардың денсаулық мәселесін талқылады. Түркістанның жасыл аймақта тұрақты  қалуында да негіз бар дейді қала қонағы. Облыс әкімімен кездесіп, өңірдегі осы саладағы  ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне оң қабақ танытты. 

️