Қырғызстанда бензин тапшылығынан жанармай бекеттері жабылуда

255
22.10.2021 04:33

Қырғызстанда жанармай бекеттері жабылып жатыр. Елде сұраныстағы АИ-92 бензині литрінің орташа бағасы – 56 сомға жеткен. Бұл 280 теңге шамасында. Сарапшылардың мәліметінше, Қырғызстан жылына 1 миллион 100 мың тонна сұйық отын тұтынады екен. Оның бір миллионы Ресейден импортталады. Сондықтан қырғыздар сол елдің тарифтік саясатына тәуелді. Биыл жазда Ресей бензині 70 долларға, ал дизель отыны 60 долларға қымбаттаған. Қырғызстан жанармайдың бір бөлігін баж салығын төлемей алады. Бірақ тамыз айында ол да бітіп қалған. Ал Қазақстаннан бензин жеткізу бойынша көп жылға созылған келіссөздер әзірге еш нәтиже берген жоқ