Жұмысқа тұрғызу үшін 800 мың пара алған. Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры ірі көлемде пара алу кезінде қолға түсті. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқу ордасының директоры жергілікті тұрғынды жұмысқа қабылдау үшін ақша алған. Қомақты қаржының жартысын аудандық білім бөлімінің басшысына жеткізіп беріпті. Құзырлы орган өкілдері осы кезде екеуін де ұстаған. Түркістан облысының мамандандырылған тергеу соты білім қызметкерлерін екі айға қамауға шешім шығарды.
️