Профессор Сейдулла Садықовтың 70 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

234
18.10.2021 09:35

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықов 70 жаста. Мерейлі датаға орай «Ел Тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосқан тұлға 120-ға жуық ғылыми еңбектің журналистика және публицистика проблемалары бойынша 4 оқу құралының авторы. Іс-шараға онлайн және офлайн қатысқан еліміздің және Түркия мен Өзбекстанның зиялы қауым өкілдері мерейтой иесін құттықтап, тиісті сый құрмет көрсетті.