2030 жылға қарай елде егін шығымы 40% төмендеуі мүмкін

341
15.10.2021 04:36

2030 жылға қарай елде бидай шығымы 40 процентке төмендеуі мүмкін. Алайда тіршілік нәріне келгенде, Қазақстанның жағдайы мәз емес. Біздегі көптеген өзен бастауын көрші елдерден алады. Бұл өзекті проблеманы Президент «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясында айтты. Жиын халықаралық сарапшылардың, іскер топ және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті. Президент климаттың өзгеруіне қатысты ахуалды тұрақтандыруға әлі де мүмкіндік бар деді. Ол үшін Париж келісімі шарттарын мұқият ұстану қажет.