Арыс қаласының тұрғынынан 1,5 келі марихуана тәркіленді

192
13.10.2021 22:56

Арыс қаласының тұрғынан 1,5 келі марихуана тәркіленді. Күдіктіні  тінту барысында пакетінен 3 дана және қалтасынан 1 дана есірткіге ұқсас зат табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Еске салсақ, биыл 9 айдың ішінде 162 қылмыс анықталған. Оның шіінде 55-і  дәрілік шөпті сату, 19-і ірі көлемде сақтау дерегі. Одан өзге, есірткі контрабандасы бойынша 25 оқиға анықталған.