Түркістан
EN

Қазығұрт ауданының әкімі жастармен кездесті

316
13.10.2021 14:13

Қазығұрт ауданы әкімі жалынды жастармен жүздесті. Кездесу барысында оларға бос уақытты тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікке назар аудару керектігін жеткізді. Сондай ақ, спорт, білім, мәдениет және өзге де салалардағы үздіктерді насихаттау қажеттігі айтылды. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайды. Олардың 1113-і жеке кәсіппен айналысады. Тіпті мұнда несие алып, кәсібін дөңгелеткісі келетіндер де бар. Одан өзге, түрлі жоба аясында 100-ге тарта жастар тұрақты жұмысқа орналасқан.

️