Қазақстанның жаңа телефон коды белгіленді

280
21.09.2021 23:23

Қазақстанның жаңа телефон коды белгіленді. Енді  плюс 7 ден басталатын нөмірлерді + 997 дэф коды алмастырады. Бұл туралы  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин фэйсбук-парақшасында хабарлады. Оның мәліметінше, біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Ал жаңа халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіліпті.