Ауғаныстанда тағы да жарылыс болды

155
21.09.2021 22:55

Ауғанстанның тәліптер бақылауындағы шығыс аймағында жарылыс болды. Салдарынан 2 тұрғын көз жұмды. Сондай-ақ 5 адам жарақат алған. Апатты жағдайға көлік жарылуы себеп болған көрінеді. Жараланғандар қатарында тәліптер де бар. Террорлық әрекетті әзірге кімдердің ұйымдастырғаны белгісіз. Айта кетсек, бұған дейін қалада жарылыстан екі адам қаза тапқан болатын. Соңғы екі күн ішінде аймақта екі жарылыс тіркелді.