Келестегі мектепте кемшілік жоқ

135
21.09.2021 22:10

Келес ауданындағы Сұлтанбек Қожанов атындағы мектеп оқушы саны артуына байланысты кеңейтілетін болды. 1976 жылы пайдалануға берілген мекеме 600 оқушыға лайықталып салынған. Бүгінде мұнда 941 шәкірт екі ауысымда білім алады. Бөлмелерінің жетіспеуіне байланысты ғимараттағы ішкі әжетханаға арналған бөлмелер 2015 жылы пәндерді бөліп оқыту үшін және үйірме жұмыстарына сынып ретінде қайта жабдықталған. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысының айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешіледі. Ол үшін мектеп маңындағы балабақшаға арналған ғимаратты пайдалану көзделіп отыр. Мекеме ұлттық шекара қызметінің қаржысына қарайтын болғандықтан, құжаттарды дайындау едәуір уақытты талап етеді.