Зиялы қауым өкілдері халық әлеуетін көтеруді талқылады

65
16.09.2021 04:20

Жаңа жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл кезеңі. Биылғы жолдау пандемия кезінде қандай амалдарды қолдану керектігіне жол сілтейді. Үкімет қиын сәтте әлеуметке  көмек қолын созады. Десек те, соған иек артып, арқаны кеңге салмай, артық шығындарды қысқартқан жөн. Түркістан зиялы қауым өкілдері Президент жолдауының осындай тиімді тұстарын көпшілікке түсіндіруге кірісті.