Жас боксшылар ерледі. Үш күн бұрын өз мәресіне жеткен Азия чемпионатында ел спортшылары 12 медаль еншіледі. Осылайша Ербол Тұрсынбаевтың шәкірттері рингте қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына екі алтын, екі күміс сыйлады. Атап айтқанда, 57 кг салмақта Абдикарим Əбдіғалым мен 92 келіден жоғары салмақта жұдырық түйістерген Даниял Сапарбай күміс жүлде иеленді. Жалпы, былғары қолғап шеберлері Дубай төрінде сегіз алтын екі күміс, екі қола еншіледі.Әлем чемпионтаның жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге қайтты. Олжалмен оралған жерлестерімізді спорт сүйер қауым мен ұжымы Шымкент қаласында әуежайдан ерекше құрметпен күтіп алды.
️