Еліміз бойынша тек Түркістан облысы ғана жасыл аймақта қалды. Алайда, өзге өңірлердегі шектеулер мұнда да сақталған. Яғни, барлық қоғамдық орындар дүйсенбі-жұма аралығында ғана жұмыс істеп, екі күн демалыста қала тегіс «ұйқыға кетеді». Тіпті, қоғамдық көліктер да жүрмейді... Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Асқар Ысқақовтың айтуынша, вирус жұқтырғандардың дені вакцина салдырмағандар мен карантин талаптарын сақтамай көпшілік орындарға барғандар көрінеді. Сондықтан, ахуал тұрақталмай шектеу алынбайды деп шорт кесті. Жалпы, пандемия басталғалы өңірде 12 мың адам індетке шалдығып, оның 10 252-сі жазылып шықса, 64-ті көз жұмған. Десе де, облыста бүгінгі күнге дейін 700 мыңнан аса адам вакцинаның 1-ші компонентін қабылдаған. Уақыт өткен сайын ерікті түрде салдыратын азаматтардың қатары да артып келеді
️