Балалар тегін бассейнге шомылады

136
11.06.2024 16:27

Мектеп балалары шомылу үшін өзен, көл жағаламайды. Олар үшін мектеп жанынан жиналмалы бассейндер қызмет көрсетеді. Сауран ауданының білім ұяларының жанынан 22 осындай бассейн қойылды. Өңірде мұндай бұрын соңды болмаған. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жоба әр мектептің әлеуметтік аз қамтылған бастауыш сынып оқушылары үшін жасалды. Ондағы мақсат – бала қауіпсіздігін сақтай отырып, жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалану. Сауран ауданындағы Әшірбек Сығай атындағы мектеп оқушылары бастамаға дән риза.