Түркістан
EN

Ұшатын такси шықты

362
29.02.2024

Қытайлықтар әлемді тағы да аузына қаратты. Аспан асты елінде  алғаш рет аэротаксилер жолаушы тасымалдап көрді. Әрі ол ұшқышсыз басқарылады екен. Ұшақ жолаушыларды арақашықтығы 50 км болатын Шэньчжэннен Чжухай қаласына небәрі 20 минутта жеткізді. Ал, егер дәл осы бағыттағы сапарды автокөлікпен еңсеретін болса 2-3 сағат уақыт кетеді екен. Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізуге қауқарлы. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді компания өкілдері  жолаушыларды ақысына қала арасында тасу үшін ұшуға рұқсат алуды жоспарлады. Егер жоспары жүзеге асса, жылына Шэньчжэннен 300 мың рейс орындамақшы.   

️