Еуропа су астында қалды

198
21.07.2021 05:13

Германияның батыс аймағындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 163 адамға жетті. Сондай-ақ қанша адамның жоғалып кеткені белгісіз. Табиғи апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Тасқын жүрген елді мекеннің бәрі лай-батпақа толып, тас жолдар мен көпірлер қираған. Таза су мен электр энергиясы жүйесі істен шығып, телефон байланысы үзілген. Сондай-ақ тасқын Еуропаның өзге елдерін де әбігерге салып отыр.