Соңғы бір айда әлем назары Ауғанстанға ауды. Елдің солтүстік провинцияларында тәліптердің үкіметке қарсы әскери қимылдары күшейіп, көрші елдерге бас сауғалаған адамдар саны күн сайын артып келеді. Соңғы екі күнде 347 этникалық қырғыз қарулы топтардан қашып, Тәжікстан аумағына өткен. Ресми өкілдердің айтуынша, олардың басым бөлігі балалар мен әйелдер. Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі босқындарды қабылдауға байланысты Қазақстанға ресми түрде өтініш түспегенін хабарлады.
️