Түркістан облысына соңғы 5 айда 500 мыңнан астам адам келген

134
18.07.2023 09:58

Түркістан облысында 1800-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 30-дан астамы республикалық маңызы бар нысан болса, біреуі - халықаралық маңызы бар нысан. Түрленген Түркістанның бүгінгі келбетін көру үшін соңғы бес айда өңірге 500 мыңнан астам қонақ келген. Бұл туралы Түркістан облысының туризм саласы бойынша өткен алқалы жиынында айтылды. Бас қосуда тағы қандай тың мәліметтер айтылды? Нұрдәулет Сыздық баяндайды.