Елімізде мереке күндері 54 адам суға кетіп, көз жұмды

97
09.07.2021 02:57

Елімізде мереке күндері 54 адам суға кетіп, көз жұмды. Бұл 4 күнде тіркелген жағдай. Мамандар қайғылы оқиғалардың көбі Ақмола, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысында болғанын айтады.  Ал Түркістан облысында жыл басынан бері 29 адам суға кетіп көз жұмған. Жағдай былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға артып отыр. Құтқарушылар шомылу кезінде мас болу, тыйым салынған аумақтарға түсу, балаларды қараусыз қалдырудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынын ескертеді.  Қазақстанда суға шомылу маусымы басталғаннан бері 149 адам қайтыс болған. Ең өкініштісі, суға ағып кететіндердің көбі балалар.  Осы орайда, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.