Ауданаралық сот ашылды

247
02.07.2021 23:39

Түркістанда жаңа әкімшілік сот ашылды. Онда сот отырыстары өтетін 4 зал заманға сай жабдықталып, интернет, аудио-бейнетіркеу және бейнеконференция секілді байланыс құралдары орнатылған.  Бұдан өзге еліміз бойынша 21 ауданаралық әкімшілік сот іске қосылды. Жалпы, республика көлемінде бұған дейін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып келген болатын. Енді облыс тұрғындары  мемлекеттік органмен немесе лауазымды тұлғамен араларында дау туындаған жағдайда осындай әкімшілік соттарға жүгіне алады.