«Qnet» қаржы пирамидасын басқарған күдікті ұсталды

175
29.03.2023 05:28

Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқарған күдікті ұсталды. Оны Қаржылық Мониторинг Агенттігі қалалық прокуратурамен бірлесіп анықтаған. Күдікті азаматтардан ақша жинап, соңынан адам кіргізіп отырған. Осыған дейін алаяқтық  «Qnet» тобы желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырынып келген.  Күдіктіге қатысты 2 айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.   Айта кетейік шет елдерде «Qnet» компаниясы қаржы пирамидасы болып танылған. Ал біздің ел, қаржы пирамидасы белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.