Түркістан облысында суға құлаған 5 жастағы қыз жоғалып кетті

295
20.03.2023 15:05

Түркістан облысында Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр. Бүлдіршіннің анасы 17-наурыз күні полиция қызметкерлеріне хабарласып көмек сұраған. Анықталғандай кішкентай қыз Түлкібас ауданындағы Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне кәмелеттік жасқа толмаған үш туысымен бірге барыпты. Алдын-ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпек болғанда абайсызда суға құлап, қатты ағын бүлдіршінді алып кеткен. Іздестіру жұмыстарына Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура және төтенше жағдайлар қызметкерлері мен 30 ерікті жұмылдырылды.

ГҮЛНӘР ӘБДІЖАППАРОВА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ 

Өзінің төрт жасар қызының өзенге құлап кеткенін айтып, тауып беруін сұрап хабарласқан. Қызды іздеуге Түлкібас ауданының полиция құрамы толығымен жұмылдырылды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуде және оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.