Аз қамтылған отбасыларға 500 млн теңге бөлінді. Былтыр «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 52 отбасы баспана кілтіне ие болған еді. Бұл жоба мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен тыс жүзеге асады. Осы арқылы еңбекке қауқарлы азаматтар жұмыспен қамтылып, бастаған кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Яғни, қаншама отбасы тұрмысын түзеп, еңсесін көтереді. Оларға бағдарлама аясында азық-түліктен бөлек, еріктілер үйлерінің тазалық жұмыстарына да жәрдем береді. Айта кетейік, Түркістан облысында тұрмыс тауқыметін тартып отырған 2000-ға жуық отбасы бар. Сондай ақ, өңір басшысы басқосу барысында Төлеби ауданы ақсақалдарымен де кездесті. Аудан ақсақалдарымен жүздескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар мәселесерді талқылап, ауыл әкімдерін сайлау туралы да сөз қозғады. Сондай ақ, онда алғашқы тікелей сайлаудың алдымен халық үшін маңызына тоқталды.
️