Есірткі тасымалдаған автобус жүргізушісі 11 жылға сотталды. Ол Жамбылдық азаматпен бірлесіп заңсыз тауарды тасу ісімен айналысып келген. Екеуі 170 граммга жуық гашишті 70 мың теңгеге саудаламақ болған сәтінде ұсталды. Қылмыстық схема бойынша, Жамбыл тұрғыны автобус жүргізушісіне есірткі затын дайындап беретін болып келіседі. Көлік жүргізуші сатып алушыны өзі табатын болған көрінеді. Ал, ақшасын банк картасы арқылы аударып отырған. Бірақ күдікті көрінген екеу көп ұзамай қолға түсті. Тәртіп сақшылары заңсыз саудамен айналысқандарды оқиға орнында құрықтады. Осы іске қатысы бар қос азаматтың, біреуі ғана кінәсін толық мойындаған.
️