Күш қолданып онлайн несие рәсімдеткен азамат ұсталды

361
02.03.2023 05:15

Жастар арасында әлсіздерді  соққыға жығып, бопсалау арқылы ақша талап еткен азамат ұсталды. 25 жастағы Ақмола облысының тұрғыны өзінен кішілерге мобильді қосымшалар арқылы несие алдырған. Ақшаны өзіне қолма-қол алып отырған. Ең азы 250 мың тенге қолды қылса, жәбірленушілер арасында жеке кәсіпкерде бар. Күдікті кәсіпкерге қоқан-лоқы көрсетіп 1жарым миллион тенгеге жуық ақшаны қалтасына басыпты. Дәл осындай 4 факт Көкшетау қаласында да тіркелген. Қазір  полиция қызметкерлері бұзақыны үстап абақтыға қамаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.