Арыс апатына – 2 жыл. 2019 жыл 24 маусым күні қала маңында орналасқан әскери қоймадан өрт шығып, соңы алапат жарылысқа ұласқан болатын. Жалаң аяқ жүгірген балалар мен көңілін үрей билеген тұрғындар сол күнді қорқынышты түс секілді есіне алады. Алайда, көп ұзамай Арыс қайта мамыражай қалпына түсті. Әрине, көптің көмегімен.
️