Қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан тағы 3 адамды аман алып шықты

341
12.02.2023 12:39

Қазақстан құтқарушылары Түркияда үйінді астынан тағы 3 адамды аман шығарды. Ер адам мен екі әйелдің 18 мың текше метрден  үйінді астында қалғаны белгілі болып, құтқарылды. Оларға медицналық қызмет көрсетілді. Айта кетейік, екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оларға Газиантептен 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы қаласындағы толығымен қираған ғимарат бекітілді. Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтап, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату жұмыстарын жүргізеді.