Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясындағы қираған ғимараттар астынан хабарсыз кеткен екінші отандасымыз Мирболат Құрмашевтің денесін тапты. Осыдан бірер күн бұрын оны іздеген інісі Алмат Құрмашев арнайы техника мен құтқарушылар жетіспейтінін айтып көмек сұраған еді. Сондай-ақ, бұған дейін құтқарушылар Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Әділ Қадырбековтың денесін тапқан. Еске сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Хатай провинциясында Қазақстанның үш азаматы мен олардың түрік досы хабарсыз кеткен еді. 8 ақпанда жоғалғандардың бірі - Сабина Мамадьярова ғимарат үйінділерінің астынан аман-есен табылып, ауруханаға жатқызылды.
️