Түркістан облысында 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

84
12.02.2023 12:06

Түркістан облысында 2,6 млн гектар жер бос жатыр. Бірақ ауыл-аймақтағы ағайын мал жаятын жайылым таппай әуре боп жүр. 2021 жылы аудан, қалаларға қарасты 174 ауылдық округтердегі 841 елді мекендер бойынша талдау жасалынып, жайылым тапшылығы 3,9 млн гектарды құрады, – дейді мамандар. Әкімдіктің мәліметінше, 2023 жылға жалпы жайылым тапшылығы 2 мың гектарды құрап отыр. Осыған байланысты, 2023 жылға ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспарының жобасы әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерімен нақтылануда. Ол үшін биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы 330 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.