Шардара су қоймасы 90 пайызға толған. Жалпы су қойманың сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метрді құрайтын болса, қазір мұнда 4 млрд 669 млн текше метр су жиналған. Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына көрші елдерден секундына 1402 текше метр су келіп құйылып жатыр. Дегенмен нысанда тәулік бойы кезекшілік орнатылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына көрші елдерден көптеп келген су мөлшерін босату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда 900 текше метр су Сырдария өзені арқылы, 80 текше метр Қызылқұм магистралды каналы арқылы су жіберіліп жатыр.
️