Түркістандықтар екі ұшақпен гуманитарлық көмек жібереді
185
12.02.2023 16:45
Түркия мемлекетіндегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге Түркістандықтар 2 ұшақпен гуманитарлық көмек жібермек. Арнайы рейсті ұйымдастыруды халықаралық әуежай ұжымы қолға алған. Қаржылай қолдау білдіремін деушілерге арнайы қор да ашылыпты.