Зілзаладан зардап шеккендерге барлық азаматтар қолдарынан келген көмекті жасап жатыр. Түркияда тұратын қазақстандықтар да одан қалыс қалған жоқ. Сонда оқитын студенттер мен кәсіпкер азаматтар бірлесіп, апат аймағындағыларға бір жүк көлігі толы азық-түлік жіберді. Сондай-ақ Қазақкент Алтай қоғамы қажетті заттарды зардап шеккен өңірлерге жөнелтіп жатыр.
️