2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерістер енді. Биыл ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артқан. Яғни енді жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3% мөлшерінде төлейді. Алайда салық салынатын табыс 10 АЕК аспауы керек. Ал қызметкерлер – табысының 2% төлейді. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді.
️