Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды

336
13.01.2023 15:51

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында XXX Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды. Дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайтын болады. Оның ішінде шаңғымен жарысудан - 14, шорт-тректен - 12, биатлоннан - 9, мәнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден - 6, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан - 2, шайбалы хоккейден 23 қазақстандық студент жарыс жолына шығады. Осы уақытқа дейін универсиада тарихында  қазақстандық спортшылар барлығы 107 медальға ие болған. Олардың 20-ы алтын, 40-ы күміс, 47-і қола медаль. Бұл жөнінен жалпы командалық есепте 107 мемлекеттің арасында 35-орында тұр.