Ақтөбеде жүк көлігінің жүргізушісі 146 миллион теңгенің тауарын өзі иемдену үшін көлігін қасақана өртеп жіберген. Ол Алматыдан Ресейге дейін тауар тиеп алып келген. Кейін Ақтөбеге келгенде арам ой туып, ол тауардың 70 пайызын туысқанының үйіне түсіріпті. Сосын тонауды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Онда электроника, ұялы телефонның керек-жарағы, автомогнитола болған. Өзі жалға алған көлік тауарымен қоса өртеніп кетті деп жалтармақ болған жоспары іске аспай қалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
️