Жетісайда өткен жылы қылмыс тіркелімі 16,5 пайызға төмендеген

277
10.01.2023 15:58

Түркістан облысының Жетісай ауданында қылмыс көрсеткіші төмендеген. Өткен жылы орын алған құқық бұзушылық деректері 528-ден 441-ге азайыпты. Тәртіп сақшыларының қылмыспен күресті күшейту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырған жұмыстарының нәтижесін аудандық полиция бөлімінің бастығы  Әділбек Сапарбеков жергілікті тұрғындар алдында берген есептік кездесуінде баяндады.