Түркістан облысында 3 тәулікте 4000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

235
04.01.2023 16:09

Түркістан облысында 3 тәулікте 4000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес мереке күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде тәулік бойы қызметте болды. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жасады.  Мәселен 2023 жылдың алғашқы 3 тәулігінде 54 қылмыс тіркеліп, оның 45-і ашылды. Мас күйінде көлік басқарған 1 адам анықталып, түрлі ереже бұзған 31 автокөлік айыптұраққа қойылды.