«Белсенді өмір сүру орталығында» ерекше балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті

517
30.12.2022 15:45

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Белсенді өмір сүру орталығында» ерекше балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Шараға департамент басшысының міндетін атқарушы Джанадилов Арман Барысханұлы арнайы қатысып,балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ Мерекелік кешке жиналған бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.

АРМАН ДЖАНАДИЛОВ-ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А. 

“Жаңа жыл – барша баланың асыға күтетін, армандайтын, ең көңілді, ең ғажап мерекесі. Биыл еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен “Балалар жылы” болып өтті. Осыған орай, бүгінгі мерекеде барша балақайды әп-әдемі кейіпте, көтеріңкі көңіл-күйде көргенімізге аса қуаныштымыз. Сіздердің армандарыңыз асқақ, қиялдарыңыз ұшқыр. Сондықтан сіздерге тек жақсылыққа ұмтылуды, ақылды әрі білімді болуды тілеймін.

2 сағатқа созылған шара балалардың көңілін бір серпілтті. Ал Экономикалық Тергеп тексеру департаменті бұл бастама жалғасын табады деп сендірді.