Анкарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен ұлт ұстазының ескерткіші ашылды. Қазақ ғұламасының 150 жылдығына орайластырылған шараға Дипломатиялық миссиялардың,халықаралық ұйымдардың өкілдері,қазақ диаспорасы мен студенттеріміз қатысты. Саябақтың аумағына ондаған ағаш егіліп, тұрғындардың демалуына арналған самалжайлар мен спорттық алаңдар орнатылған. Қола мен граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метр. Енді қала тұрғындары алаңды бойлай келе қазақ ағартушысының өмірі мен шығармаларымен таныса алады. Мүсіннің авторлары белгілі сәулетшілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермухаметов.
Қазақстанның елшілігі Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату туралы ұсыныс түскенде қуандық. Еліміздің сыртқы істер министрлігіде бұл жобаны қолдады. Байтұрсынұлы тек қазақ халқының емес күллі түркі әлемінің тұлғасы. Біздің аудан тұрғындары енді қазақ тұлғасын жақыннан танитын болады.
️